$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«Астана» командасының шабандозы Оман турын жеңіп алды

«Астана» командасының шабандозы Оман турын жеңіп алды
Фото: xds_astana_team / instagram

Қазақстандық XDS Astana Team командасының италиялық велошабандозы Кристиан Скарони Оман турының жеңімпазы атанды.

Низва – Джабаль әл-Ахдар (Green Mountain) бағыты бойынша өткен 155,9 шақырымдық бесінші кезең Скарони үшін сәтті болды. Ол қашықтықты 3:23:19 уақыт көрсеткішімен бағындырды.

Оның командаласы, испаниялық Кристиан Родригес Мартин екінші болып мәреге жетті. Үшінші орынды Team Jayco Alula сапындағы австралиялық Лукас Плапп иеленді.

Осы нәтижесінің арқасында Скарони жалпы есепте бірінші орын алды. Ал Родригес Мартин екінші орынға ие болып, «Астана» командасына қорытынды есепте қос жүлде әкелді.