$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Бүгін оқушылар мен студенттер сабаққа бармайды

Бүгін оқушылар мен студенттер сабаққа бармайды
Фото: pixabay

Астанада оқушылар мен студенттер 12 ақпанда онлайн оқиды.

2026 жылғы 12 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына (желдің күшеюі және ауа температурасының одан әрі төмендеуі) байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12)сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - деп хабарлады Астана қаласының Білім басқармасы.