Ақтөбеде күйеуін аффект күйінде өлтірді деген айып тағылған әйелдің ісі қайта қаралуда. Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта 37 жастағы Ксения Седованың ісі қаралып жатыр. Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99 шы бабы 1-ші бөлігімен адам өлтіру дерегі бойынша айып тағалып отыр. Ксения Седова бұрын сотты болмаған, емханада әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істеген. Айыпталушының кәмелетке толмаған баласы бар. Сотта айыпталушы күйеуінің жүйелі түрде тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткенін мәлімдеді. Оның айтуынша, марқұм ішімдік ішкен кезде қол көтеріп, соңғы екі жыл бойы әйелді ұрып-соғып отырған. Салдарынан Ксения Седованың екі рет сәбиі түсіп қалған. Оған суд-мед экспертиза дәлел. Қайғылы оқиға отбасылық жанжал кезінде болыпты. Айыпталушының сөзінше, күйеуі мас күйінде оған тағы да күш қолданған. Қауіп төнген сәтте әйел қорғану мақсатында ас үй пышағын алып, күйеуіне сұққан. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.
ДИНА БАЙЖАНОВА, БАЙТУРИНА, ПРОКУРОР:
Оң жақта кеуде қуысының алдыңғы және артқы беттері жараланып, плевра қуысына енген. Перикард, жүрек және оң өкпенің зақымдануы салдарынан Седов еденге артқа құлап, есін жимай, жазғы ас үйінде қайтыс болды.
Аталған іс бұған дейін сотта қаралып, әйел аффект күйінде әрекет етті деп танылып, ақталып шыққан еді. Алайда былтыр күзде марқұмның анасы апелляциялық шағым түсіріп, Ксения Седова қамауға алынды. Марқұмның анасы айыпталушыға қатысты азаматтық талап-арыз түсірген. Моральдық зиянды өтеу ретінде ол келінінен 20 миллион теңге көлемінде өтемақы өндіруді сұрап отыр.
КСЕНИЯ СЕДОВА, АЙЫПТАЛУШЫ:
Мен әділдікті талап етіп отырмын, өйткені екеуміз бірге тұрған екі жыл бойы мені үнемі ұрып-соғатын. Мен 911-ге бірнеше рет қоңырау шалдым, жедел жәрдем шақырттым және 2 рет құрсағымдағы балам түсіп қалды. Есімнен танғанымша ұратын.