Қалың қар жамбылдықтарды да әуреге салуда. Темір тұлпарлар соғысып, бір адам жан тапсырды. Жалпы Әуле ата жеріне жиырма жылда болғаман ақ ұлпа түсті. Мыңнан астам жүк көлігі кептіліп тұр. Барлық бағыттағы жолдар жабылды. Өңірдегі ахуалды аймақтағы тілшіміз Берік Жұмабай айтып берсін.
БЕРІК ЖҰМАБАЙ, ТІЛШІ:
Әулиеата өңіріне жауған ақ ұлпа, дәл қазір 50 см асады. Қар әлі де жапалақтап жауып жатыр. Қалың қардың салдарынан көліктердің жүрісі қиындаған. Әсіресе жолда қалған жүк көліктерінің саны мыңнан асады.
Ақпанда жауған ақ ұлпа жамбылдықтарды әбден әбірге салуда. Сәт сайын жауған қардан көлемі көбейіп 70 см асқан. Жауған қар әлі де тоқтаған жоқ. Жауаптылар жол жиегінде кептеліп тұрған жүк көліктерінің саны соңғы ақпаратта мың жарымға жуықтағанын айтады. Полиция қызметкерлері тәуліктеп жолда тұрып жаураған жүргізушілерге жылы шай мен ас-ауқатын таратып, жағдайларын жіті бақылауда ұстап отыр. Кептелісте тұрған жүк көліктердің ішінде жүктілігі 8 айға жақындаған жүргізіші әйелде бар болып шықты. Тәртіп сақшылары байқаған бойда оны бірден жылыту пунктіне жөнелтті.
АСҚАР МҰСЫЛМАНОВ, ЖҮРГІЗУШІ:
Павлодардан Шымкентке кетіп бара жатырмын 2 мың км жол. Мал әкеле жатырмыз. Кеше осы Күйік асуына келгенбіз. Қар жауып жол жабық болып. Машинада автономный пеш бар. Жылытып тұрады. Жаурап жатқан жоқпыз, бізге мынау жорды ашып берсе болды.
Жол сақшылары кептелісте тұрған көліктердің көптігін көріп жол бойындағы асханалар мен жанар май бекеттерінің маңына топтастырып жатыр. Өйткені тас жолдар тағы бір тәулік ашылмауы мүмкін деп отыр. Бүгінде 45 потрулдік жасақ, күшейтілген режимде жолда қалғандарға көпек қолын созып жүр.
ЕРЖАН МАНАНБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ӘПБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Екі тәулік ішінде шамамен 50-ге жуық автокөлік қар құрсауынан шығарылды. 20-ға жуық азамат жылыту пунктеріне полиция қызметкерлерімен жеткізілді. Полиция қызметінің барлық қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс атқаруда.
Жауған қардың көптігінен тас жолдарды ауыр техинакалар қардан тазартып үлгермей жатыр. Тіпті көмекке келген әскери техниканың өзі қар құрсауына батып, шыға алмай жатыр. Бұл жұмыстарыға ҚазАвтожол мекемесінің 100-ге тарта техникасы да жұмылдырылған. Жолды тазалағанымен артынша қайта қар басып қалуда.
БІРЖАН ӘШІРОВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» АҚ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Ауа райының болжамымен Қордай асуында бүгінгі күнге тағы да боран болуы күтілуде. Сол себепті жолда ертеңгі сағат бір 9-10-ға ашуды жоспарлап отырмыз. Құм инертті материалдардың жалпы себілуі тәулігіне 6-7 мың кубтан асып кетеді бір тәулікке.
Жапалақтап жауған қардың салдарынан Аса-Ақкөл бағытындағы тас жолда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып бір жолаушы қаза тапқан. Жеңіл көліктің жүргізушісі рөлге ие болалмай қарсы бағытқа шығып кетіп қоғамдық көлікпен бетпе-бет соқтығысқан. Бұл бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр. Жалпы қалың қар Тараз көшелерін де жауып қалды. Шаһардағы барлық мектеп онлайн оқуға көшкен.