$541.34 €640.73 ₽6.53
×

МӘМС былықтары әлі тексерілуде

МӘМС былықтары әлі тексерілуде

МӘМС былықтары толық ашылып біткен жоқ. Қаржы министрлігі күні кеше ауқымды тексеріс бастады. Бұл туралы Сенатта вице-министр Дәурен Темірбеков мәлімдеді. Ведомство өкілінің айтуынша, денсаулық сақтау саласындағы өрескел заңбұзушылықтардың көлемі бұдан көп болуы мүмкін. Бюджетке келген шығын тексеріс біте сала жарияланбақ. Айта кетейік, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру 16-қаңтарда Қаржы министрлігінің қармағына берілді. Сол кезде, 770 мың ер азамат жатыр обыры қаупіне тексеріліп, өмірден өткен жандар әлі емделіп жатыр деген секілді былықтың беті ашылған еді.

ДӘУРЕН ТЕМІРБЕКОВ, ҚР ҚАРЖЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Бұрын барлықтарыңыз естіген заңбұзушылықтар әлі де анықталып жатыр. Кейбір істерді құқық қорғау органдары жекелей тергеуде. Кей жерде аудитті біздің министрлік жүргізіп жатыр. Бірақ, қаржы министрлігі болашақта бұндай жағдайлар қайталанбауы үшін барлық механизмдерді қалыптастырады. Наурыз айында ортақ жүйе жарыққа шығады.