$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жаңа Конституцияның жобасы жарияланды

Жаңа Конституцияның жобасы жарияланды

Бүгін бұқаралық ақпарат құралдары мен Конституциялық соттың ресми сайтында жаңа Конституцияның жобасы жарияланды. Ел тарихында алғаш рет мұндай ауқымды жұмысты талқылау ашық форматта жүргізілді. Халық Ата заңға қатысты  ойларын ашық білдіріп, 10 мыңға жуық пікір жолдады. Жұмыс тобы 2 мыңнан аса ұсынысты жан-жақты қарастырып, жүйеледі. Нәтижесінде, Конституция жобасына қосымша баптар, редакциялық және стилистикалық түзетулер енгізді. Құжат қолданыстағы Ата Заңмен сабақтастықты сақтай отырып, адам құқықтары мен бостандықтарын басты басымдық ретінде бекітеді. Преамбулада бірлік пен татулық негізге алынып, Егемендік, Тәуелсіздік және аумақтық тұтастық мызғымас құндылықтар ретінде айқындалған. Жоба цифрлық құқықтарды қорғау нормасын енгізіп, адам капиталының дамуына, білім мен ғылымға басымдық береді. Сондай-ақ 145 депутаттан тұратын бір палаталы Парламент – Құрылтай құру, Вице-Президент институтын енгізу және Қазақстан Халық Кеңесін қалыптастыру көзделген. Жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі 2026 жылғы 15 наурыздағы республикалық референдумда шешіледі.