Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

«Астана» футбол клубының бас бапкері Станимир Стойлов жаңа келісімге отырды

AstanaTV
09.01.2018ж. 20:00
2144
«Астана» футбол клубының бас бапкері Станимир Стойлов жаңа келісімге отырды

«Астана» футбол клубының бас бапкері Станимир Стойлов қазақстандық клубпен жаңа келісімшартқа отырды. Бұған дейін ол бапкерлік жолын Еуропада жалғастырғысы келетінін айтқан еді. Ал енді «Астана» клубымен жұмысты жаңа деңгейде жалғастыруға ниетті. Сонымен қатар, Стойлов Қазақстанды «менің екінші Отаным» деді. Болгариялық бапкермен жасалған келісімнің мазмұны мен жалақысының мөлшері әзірге белгісіз. Ертең клуб өкілдері Араб Әмірлігіне жарысқа барады. "Аяқ допшылар босаңсымай, жедел қайта қалыпқа келу керек", - дейді бапкер. 22-ші қаңтар күні «Астана» мәскеулік «Спартакпен» жолдастық кездесу өткізеді.



Жапониядағы қайықпен жарысу спорты федерациясында дау-дамай туындады. Допинг дауына қатысты 32 жастағы Ясухиро Судзуки 8 жылға спорттан шеттетілді. Ол тиым салынған препаратты қолданғаны үшін емес, 25 жастағы қарсыласының сусынына қосып бергені үшін жазаланып отыр. Тексеріс нәтижесінде барлығы анықталған.