$541.34 €640.73 ₽6.53
×

ШҚО-да жағдайы ауыр сәби ауруханаға шұғыл түрде тікұшақпен жеткізілді

ШҚО-да жағдайы ауыр сәби ауруханаға шұғыл түрде тікұшақпен жеткізілді
ТЖМ

ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» ұшқыштары санитариялық авиация желісі бойынша Өскемен – Алтай – Өскемен бағытымен ұшу рейсін орындады.

«Ұшудың мақсаты – шұғыл түрде облыс орталығындағы медициналық мекемеге жатқызуды қажет еткен сәбиді жеткізу болды. Экипаж мүшелері мен медицина қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында кішкентай науқас дер кезінде ауруханаға жеткізілді», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.

ТЖМ тікұшақтары шалғай елді мекендердің тұрғындарына шұғыл көмек көрсету үшін тәулік бойы дайындықта тұрады.