$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қостанай облысында интернет арқылы есірткі сату схемасы әшкереленді

Қостанай облысында интернет арқылы есірткі сату схемасы әшкереленді
полиция

Жітіқарада интернет арқылы есірткі сату схемасы әшкереленді. Полицейлер интернет арқылы есірткі заттарын таратудың жолын кесті. Жедел іс-шаралар барысында Жітіқара қаласының 18 жастағы тұрғыны ұсталды. Пәтерді тінту кезінде электронды таразы, орау материалдары, ұялы телефондар және ұнтақ тәрізді заттар табылып, тәркіленді. Алынған заттардың жалпы салмағы шамамен 800 граммды құрады. Алдын ала мәлімет бойынша күдікті мессенджер арқылы жұмыс істеген интернет-дүкенмен байланысты болған. Қазіргі уақытта сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.