Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында шаңғы жарысын әйелдер арасында 10 шақырымға еркін стильде жеке уақыт бойынша сайыс аяқталды.
Бұл сында Қазақстан атынан Надежда Степашкина, Анна Мельник, Ксения Шалыгина және Дарья Ряжко бақ сынады.
Нәтижесінде Надежда Степашкина 63-орынға (26:42.6), Ксения Шалыгина 71-орынға (27:19.9), Дарья Ряжко 75-орынға (27:42.6), ал Анна Мельник 81-орынға (28:28.7) тұрақтады.
Швециялық Фрида Карлссон Олимпиада чемпионы атанды - 22:49.2. Бұған дейін ол скиатлонда да алтын медаль жеңіп алған еді. Оның отандасы Эбба Андерссон екінші болып мәре сызығын кесті - 23:35.8. Үздік үштікті АҚШ спортшысы Джессика Диггинс түйіндеді - 23:38.9.