$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Әріптестіктің жаңа негіздемелік стратегиясы талқыланды

Әріптестіктің жаңа негіздемелік стратегиясы талқыланды
үкімет

Қазақстан мен Дүниежүзілік банк 2026-2031 жылдарға арналған әріптестіктің жаңа негіздемелік стратегиясын талқылады.

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстанмен 2026-2031 жылдарға арналған әріптестіктің жаңа негіздемелік стратегиясы бойынша консультацияларға арналған Дүниежүзілік банк тобының өкілдерімен кездесу өткізді.

Біз Дүниежүзілік банкпен әріптестікті жоғары бағалаймыз. Ұсынылған стратегия сараптама, қаржыландыру және бірлескен бастамалар арқылы біздің реформаларды қолдау үшін негіз жасайды, — деп атап өтті вице-премьер.

Көлік және цифрлық байланысты дамытуды, су және энергетика секторларында көрсетілетін қызмет сапасын арттыруды, қаржы нарығын дамытуды, жеке инвестицияны ынталандыруды, климаттық саясатты күшейтуді және жаңартылатын энергия көзін пайдалануды арттыруды қосқанда, стратегия жобасында белгіленген басымдықтар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық құжаттары мен мақсаттарына сәйкес келеді.

Банктің алты жыл ішінде жыл сайын $1 млрд-қа дейін қаржыландыруға дайындығы да атап өтілді. Вице-премьердің айтуынша, бұл жеке секторды нығайту, инфрақұрылымды дамыту мен экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қосымша жағдай жасайды. Реформаларды талдамалық сүйемелдеу Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік банктің бірлескен Экономикалық зерттеу бағдарламасы шеңберінде жалғасады.