$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматыда өмірін сақтандырғысы келген 270 адам 620 млн теңгесінен айырылып қалды

Алматыда өмірін сақтандырғысы келген 270 адам 620 млн теңгесінен айырылып қалды

Алматыда өмірін сақтандырғысы келген 200-ден астам адам 620 млн теңгесінен айырылып қалды.   «Partners & Consultants» атауымен жалған инвестициялық жоба арқылы  ақша жымқырған күдікті ұсталды. Ол 8 жыл бойы жұртты жылына 12%-ға дейін табыс табуға уәде беріп, қаражатты әртүрлі компания есепшоттарына түсірген. Салымшыларды ойдан құрастырылған шетелдік сертификаттар мен бағдарлама арқылы сендірген көрінеді. Ал өзі түскен қаражатқа қымбат үй мен көлік сатып алғаны анықталды. Күдікті қамауға алынып, мүліктеріне шектеу қойылды.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГІ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Жобаның сенімділігін дәлелдеу үшін шын мәнінде жоқ халықаралық сақтандыру бағдарламалары мен сертификаттарына сілтемелер қолданылған. Қаражаттар қолма-қолсыз аударымдар арқылы қабылданып, кейін салымшыларға ұзақ мерзімді депозиттер мен инвестициялық міндеттемелер бар деген жалған әсер қалдыратын жалған құжаттар берілген. Күдікті қамауға алынды.