Ақтөбеде көпқабатты тұрғын үйде өрт шығып, құтқарушылар жедел түрде тұрғындарды эвакуациялады. Өрт бес қабатты тұрғын үйдің электр қалқанында тұтанған.
Авариялық-құтқару жұмыстары барысында баспалдақ арқылы 27 адам эвакуацияланды, олардың оны бала. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталып жатыр.
ӘМІР МҰҚАН, ҚАЛАЛЫҚ ТЖБ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:
Пультке хабарлама 10/55 те түсті. Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаменті, жедел құтқару жасағы мен апаттар медицина орталығы жетті. Өрт толығымен сөндірілді. Құтқарушылардың үйлесімді әрі жедел әрекеттерінің арқасында зардап шеккендер жоқ.