$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Трамп: «Эпштейннің аралында болмағаным түбі дәлелденеді»

Трамп: «Эпштейннің аралында болмағаным түбі дәлелденеді»

Трамп тағы тілінен тапты. Сауда министрі Эпштейннің аралында болғанын білесіз бе деген сұраққа жоқ, - деп жауап беріп, артынша, ол бала-шағасымен барған, - деп өз сөзіне өзі қарсы шықты. АҚШ Президенті Иранның не үшін қиқаңдап жүргенін түсінбейді. Өзінің кезекті брифингінде Трамп, «Менің шартыма келіспесе, жоқ қылып жібере саламын, - деді. АҚШ Президенті өзінің алдыңғы әріптестерінің еңбегін еш етті. Барак Обама бастаған жаһандық жалумен күрестегі заңдардың күшін жойып, бұның барлығын «Жасыл алаяқтық», - деді. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.

Трамп сөзінен ұсталды. Журналистер жан-жағынан Эпштейн туралы әдетке басып сұрай берді. Бірақ, бұл жолы тың дерек туралы Президенттен сұраған. Күні кеше белгілі болғандай қазіргі сауда министрі Говард Лютник Джеффри Эпштейннің аралында болғаны анықталды. Тура сол кезде Трамптың өтірігі ашылып қалып, басылымдарға мазақ болды.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мен ол туралы ештеңе естімедім. Осыған дейін дым білмедім. Бірақ, естуімше, ол әйелі мен бала-шағасын ертіп барған. Осыған қарағанда, ешкімге зорлық көрсетпеді деп айтуға болады. Маған да жала жапқыларың келіп тұрғанын білемін. Күндердің күні тергеу аяқталғанда, менің Эпштейнге қатысым жоғы белгілі болады.

Трамп Иран жағалауына тағы бір ұшақ тасымалдайтын кеме жіберді. Ол дегеніміз, кез-келген сәтте алапат соғыс бастауға қауқары бар. АҚШ Президентінің ойынша Иран уақыт созып отыр. Сондықтан, күш көрсететін уақыт келді, - дейді Трамп.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Шындығында, дипломатия тығырыққа тірелді. Иран, ядролық келісімді мақұлдап, қалғаны бойынша келіспей уақыт созып отыр. Бұның ұзаққа созылуына жол бере алмаймын. Алапат шабуыл жасап, барлығының көздерін жойып жіберемін. Менімен ойнаймын десе, қателеседі.

Біз «жасыл алаяқтықтың» құрбаны болдық. Трамп алдыңғы Президенттердің еңбегін жоққа шығарды. Жаһандық жылынумен күрес үшін қолға алынған шаралар мен қабылданған заңдардың барлығының күні жойды. Оның барлығы АҚШ өнеркәсібін тоқтату үшін ойлап тапқан жасырын жүйе дейді, - Трамп.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Бүкіл халық жаппай электрокар алуға көшті. Бірақ, ойланып қарасақ, ешқайсы үшін тиімді емес. Алдыңғы билік, осы «Жасыл экономика» ұранымен 5 трлн долларды желге ұшырды. Ең сорақысы, жылдар бойы қалыптасқан өнеркәсіпке миллиардтаған шығын келіп, көбі жабылып қалды. Сондықтан, бұның барлығын тоқтататын уақыт келді.

Канаданың артынша АҚШ-тың өзінде атыс болды. Оңтүстік Каролина мемлекеттік университетінде белгісіз біреу, оқ атқан. Қылмыскер оқиға орнынан ізін суытып, жоқ болып кеткен. Өкініштісі 2 адам мерт болып, 1 адам жарақаттанды.