$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

14.02.2026ж. 11:18
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: pixabay

«Қазгидромет» РМК 14-16 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Кезеңнің басында Қазақстан аумағының басым бөлігінде антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

15 ақпаннан бастап республиканың батысына солтүстік-батыс циклоны ығыса бастайды. Оның әсерінен жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады, жаяу боран соғады, сондай-ақ бүкіл ел бойынша ауа температурасының біртіндеп жоғарылауына себеп болады.

Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында оңтүстік циклондарының шұңқырымен байланысты атмосфералық фронтальды толқындардың өтуіне байланысты бүкіл кезең бойы жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашынмен тұрақсыз ауа райы сақталады. 14–15 ақпанда жауын-шашын болжанады.

Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ болып және тұман басады.