$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Президент Михаил Шайдоровты чемпион атануымен құттықтады

14.02.2026ж. 09:14
Президент Михаил Шайдоровты чемпион атануымен құттықтады
Фото: Jamie Squire/Getty Images

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы атануымен құттықтады.

Президент атлеттің отандық спорт тарихында мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш рет алтын медаль иеленуін тарихи маңызы зор жетістік ретінде атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровқа жоғары шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері үшін алғыс айтты.

Мемлекет басшысы барша спорт сүйер қауым мен ел азаматтары спортшының айтулы жетістігін мақтан тұтатынын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ жаттықтырушыларға, Конькимен мәнерлеп сырғанау федерециясына және тиісті министрлікке атқарған жұмысы үшін ризашылық білдірді.

Президент Олимпиада чемпионына толайым табыс пен жеңіс тіледі.