$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жаңа Ата заң жобасы тұтастай елдің егемендігіне кепілдік береді

14.02.2026ж. 14:26
Жаңа Ата заң жобасы тұтастай елдің егемендігіне кепілдік береді
Фото: скриншот

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан «Референдум-2026» онлайн марафоны барысында жаңа Конституцияға көшу жаңа бір тарихи кезеңге өтуге жол ашатынын айтты.

— Тәуелсіздіктің тамырына балта шабуға жасалған қадамның барлығы заңнамалық тұрғыдан талқандалу керек. Жаңа Конституция жобасының 1-бабынан бастап, бүкіл 11 бөлім, 96 бабының барлығы тәуелсіздікті қорғауға бағытталған. Әдеби, мәдени, рухани, ғылыми тұрғыдан бастап, экономикалық тәуелсіздік, саяси тәуелсіздік, азаматтардың ар-ождан бостандығы, территориялық тәуелсіздік, өзге елдермен қарым-қатынас — осының барлығы жаңа Конституция жобасында қамтылған. Бұл — жаңа бір тарихи кезеңнің бастауы, — деді депутат.