$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Бір палаталы Парламент заң сапасына әсер етеді - депутат

14.02.2026ж. 17:04
Бір палаталы Парламент заң сапасына әсер етеді - депутат
Фото: скриншот

Бір палаталы Парламентке көшу депутаттардың жауапкершілігін арттырады. Өйткені, қайта қарастыратын бұрынғыдай екі палата болмайды және заң шығару барысында кімнің қалай дауыс бергені көрініп тұрады. Бұл жөнінде Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов «Референдум-2026» онлайн марафоны барысында мәлімдеді.

– Болашақ Құрылтай – Қазақстандағы заң шығару билігін жүзеге асыратын ең жоғарғы мемлекеттік орган. Құрылтайда заң жобасы талқыланады, үш оқылымда қабылдануы мүмкін. Заң сапасына ешқандай кері әсерін тигізбейді. Керісінше, заңның бір жерден қабылдануы уақытын жылдамдатады және депутаттардың жауапкершілігін арттырады. Заңның сапасын да жақсартады, - деді ол.

Сонымен бірге ол Құрылтай депутаттарының пропорционалдық жүйе арқылы сайланатынын жеткізді.

– Саяси партиялар өз кандидаттарын тізімге енгізіп, сайлауға қатысады. Халық қай партияға дауыс берсе, сол партияның кандидаттары депутат болады. Бұл саяси партиялардың рөлін күшейтеді, халық алдындағы жауапкершілігін арттырады. Сол арқылы саяси партиялардың бәсекесі қалыптасады. Бұл – бұрын тәжірибеде болған жүйе. Сондықтан нәтижелі жұмыс істейтіні анық, - деп түйіндеді депутат.