$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Құтқарушылар Алматы тұрғындарына ескерту жасады

14.02.2026ж. 20:34
Құтқарушылар Алматы тұрғындарына ескерту жасады
Фото: ТЖД

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті таулы аудандарда қар көшкіні жүру қаупінің жоғарылауына байланысты шұғыл мәлімдеме жасады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында арнайы шектеулер енгізілді.

«Қазселденқорғау» мекемесі мен ТЖД мамандары таудағы жағдайдың күрделенгенін хабарлады. Қазіргі уақытта ең қауіпті бағыттарда арнайы бақылау пункті орнатылған.

Негізгі шектеулер:

  • Қар көшкіні жүруі мүмкін учаскелер арқылы өтетін тас жолдарда қозғалыс уақытша тоқтатылды;
  • Өткізу пунктілері тұрғындар мен туристердің қауіпті аймаққа өтпеуін қадағалайды;

Шектеулер таудағы жағдай толық тұрақталғанша күшінде болады.

Төтенше жағдайлар қызметі қала тұрғындары мен қонақтарына тауға шығудан уақытша бас тартуды сұрайды.

«Таулы жерлерде жүргенде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет. Ауа райы болжамын ескермей, тәуекелге баруға болмайды», — деп ескертті ведомство өкілдері.

Мамандардың айтуынша, қазіргі ауа райы мен қардың қалыңдығы кез келген уақытта қар көшкініне ұласуы мүмкін. Сондықтан жоспарланған демалысты кейінге қалдыру ұсынылады.