14–15 ақпан күндері цифрлық қызмет көрсету барысында уақытша іркілістер болуы мүмкін.
Мамандардың айтуынша, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты бірқатар жоба уақытша істемеуі мүмкін.
Техникалық жұмыстар 14 ақпан сағат 21:00-ден 15 ақпан таңғы 08:00-ге дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында «ҰАТ» АҚ жобаларының жұмысында қысқа мерзімді үзілістер орын алуы ықтимал.
ЭЦҚ алу: 14 ақпан сағат 21:00-ден 00:00-ге дейін электрондық цифрлық қолтаңба алу барысында қиындықтар туындауы мүмкін.
Цифрлық құжаттар: 15 ақпанға қараған түні сағат 00:00-ден 02:00-ге дейін eGov Mobile қосымшасындағы құжаттар ішінара қолжетімсіз болады.
Компания өкілдері қолайсыздықтардың алдын алу үшін қажетті операцияларды алдын ала аяқтауға кеңес берді.
«Егер техникалық жұмыстар жүріп жатқан уақытта құжат көрсету қажет болса, құжаттардың түпнұсқасын өзіңізбен бірге алып жүруді немесе алдын ала дайындап қоюды ұсынамыз», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, техникалық жұмыстар кезінде eGov.kz порталы штаттық режимде жұмыс істейді. Мамандар уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, қазақстандықтардан түсіністік танытуды өтінді.