$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Бүгін ауа райы қалай болады?

15.02.2026ж. 07:28
Бүгін ауа райы қалай болады?
Фото: pexels

Бүгін елдің басым бөлігінде ауа райы күрт өзгеріп, күн аязды әрі жауын-шашынды болады. Еліміздің бірқатар өңірінде қауіпті метеорологиялық құбылыстар болады.

Республиканың басым бөлігі әлі де ауқымды антициклонның ықпалында болады. Осыған байланысты еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде сақылдаған сары аяз сақталады.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөліктерінде жауын-шашын күтіледі. Синоптиктердің мәліметінше, бұл өңірлерде:

  • Жолдарда көктайғақ болады;
  • Тұман түсіп, көріну мүмкіндігі шектеледі;
  • Желдің екпіні күшейеді.

Ертең еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қалың қар жауады. Құтқару қызметкерлері мен синоптиктер таулы аймақ тұрғындары мен туристерге сақтық шараларын сақтауды ұсынды.

Республика бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі күтілуде. Алыс жолға шығатын жүргізушілер сақ болыңыздар, – деп жазылған хабарламада.