Батыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты Орал қаласынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі жол уақытша жабылды.
«ҚазАвтоЖол» ақпаратынша, республикалық маңызы бар «Орал-Тасқала-РФ шек.» тасжолының 4–104 шақырым аралығында жүк және қоғамдық көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Жолды ашу 15 ақпан сағат 18:00-де жоспарланып отыр.
Қосымша ақпарат алу үшін 1403 байланыс орталығына тәулік бойы хабарласуға болады.