$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстан әртістік жүзуден екі алтын медаль жеңіп алды

15.02.2026ж. 18:11
Қазақстан әртістік жүзуден екі алтын медаль жеңіп алды
Фото: ҰОК

 Колумбияның Медельин қаласында әртістік жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

Ерлер арасында Қазақстан құрамасының өкілі Эдуард Ким ірі халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды. Спортшы еркін бағдарламада топ жарып, 195.2476 ұпай жинады, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ әйелдер арасындағы еркін бағдарламада Қазақстан құрамасы да жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.