$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Рудный қалалық ауруханасына жоспардан тыс тексеру жүргізіледі

15.02.2026ж. 19:00
Рудный қалалық ауруханасына жоспардан тыс тексеру жүргізіледі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті блогер Татьяна Турлай жариялаған фактілерге байланысты «Рудный қалалық көпбейінді ауруханасы» КМК-ға қатысты жоспардан тыс тексеру басталғанын хабарлайды.

Комитет медициналық ұйымның қызметіне аудит жүргізіп, дәрілік препараттармен және медициналық бұйымдармен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесін тексереді.

Аталған жағдай ведомство басшылығының жеке бақылауында.

Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша қазіргі уақытта аурухананың бөлімшелері медициналық көмек көрсету үшін жеткілікті көлемде қажетті дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілген.

Тексеру қорытындысы бойынша халыққа сапалы әрі уақтылы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында Комитет тиісті шаралар қабылдайтын болады.