$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Танысын қорқытып, несие алдырған

15.02.2026ж. 23:49
Танысын қорқытып, несие алдырған
Фото: Kazaknews.kz

Ақмола облысының тұрғыны бұрынғы танысын қорқытып, ірі көлемде тауарлық несие рәсімдеткен. 

Бурабай аудандық полициясының ақпаратынша, күдікті жәбірленушіні физикалық күш қолданамын деп қорқытып, оның атына iPhone 15 смартфоны мен ерлерге арналған алтын жүзікті несиеге алдырған.  Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 950 мың теңге.

Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Тәртіп сақшылары айғақ ретінде ұялы телефонды тәркіледі.

«Күдікті азамат бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған болып шықты. Сондай-ақ, ол Щучье қаласында орын алған тағы бір бопсалау дерегіне қатысы бар деген күдікке ілінді», — деп хабарлады Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қазір «Қорқытып алу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.