$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Атырауда жол сақшылары жылдамдық асырған 1,5 мыңнан астам жүргізушіні анықтады

Атырауда жол сақшылары жылдамдық асырған 1,5 мыңнан астам жүргізушіні анықтады
Polisia.kz

Атырауда жол сақшылары жылдамдық асырған 1,5 мыңнан астам жүргізушіні анықтады. Қоғам қауіпсіздігі жолдағы тәртіптен басталады. Әрбір жүргізуші мен жаяу жүргінші жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауы – адам өмірін қорғаудың басты кепілі. Өкінішке қарай жылдамдықты шамадан тыс арттыру, жол талаптарын елемеу, сондай-ақ көлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлғалардың рөлге қайта отыруы жол-көлік оқиғаларының орын алуына әкеліп соғуда. Осыған байланысты Атырау облысы полиция департаменті жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері облыстық және республикалық маңызы бар тас жолдарда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тәулік бойы қызмет атқарып келеді. Республикалық маңызы бар тас жолдарда жол сақшылары "Кибер-Шериф" ақпараттық құрылғысының көмегімен бір айда жылдамдықты асырған 1500-нан астам жүргізушіні анықтады. Аталған тұлғаларға ҚР ӘҚБтК-нің 596 және 612-баптарына сәйкес әкімшілік шаралар қолданылып, көліктер айып тұрағына қойылды.