$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жалпыұлттық коалицияның Астана қалалық филиалы ашылды

Жалпыұлттық коалицияның Астана қалалық филиалы ашылды

Конституциялық реформаны халыққа түсіндіретін жалпыұлттық коалицияның Астана қалалық филиалы өз жұмысын бастады. Елдік келісімнің еңселі көрінісіне айналған бөлімге 200-ге жуық азамат мүше болды. Олар алдағы бір ай ішінде 700 мыңға жуық адамды қамтитын мыңнан аса іс-шара өткізуді жоспарлап отыр. Күніне түрлі форматтағы 40 шақты  акция ұйымдастырылады. Жұртшылыққа жаңа құқықтық нормаларды түсіндіру үшін қосымша 150 ерікті жасақталды.

АРСЛАНБЕК МАҒЗҰМ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

15 наурызға дейін реформа бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Бұл іске барлық саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен жастар бірлестіктері білек сыбана кірісті. Ел дамуына үлес қосар істе жік-жікке бөлінбейміз. Мақсатымыз – бір. Халыққа Конституцияның жаңа жобасын түсіндіріп, сауалдарына жауап беру. Түрлі еңбек ұжымдары мен  студенттерге, индустриялық орталықтарға арнайы баратын боламыз.