$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Халықтық Конституция коалициясының ресми сайты іске қосылды

Халықтық Конституция коалициясының ресми сайты іске қосылды

«Халықтық Конституцияны қолдау» коалициясы  15 наурызда өтетін референдумға арналған  ресми сайтты іске қосты. Мұнда Жаңа Конституция жобасының толық мәтіні мен реформаны түсіндіретін сарапшылар пікірі жарияланған. Ресурс барынша қарапайым әрі инклюзивті. Ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін арнайы нұсқа қарастырылған. Тек мәтін емес, видеоконтент пен интерактивті материалдар да бар. Сайт алдағы референдумда азаматтардың саналы таңдау жасауына көмектесетін басты ақпараттық алаңға айналмақ.