Павлодарда Жалпыұлттық коалиция мүшелері өңірдегі референдум бойынша құрылған топ өкілдерімен кездесті. Мәжіліс депутаттары жаңа Конституция жобасын халыққа түсіндіру жолдарын талқылады. Құрамында 130-дан астам мүшесі бар облыстық коалиция ауыл, аудан, қалаларды аралап, жаңа Ата заңдағы баптарды түсіндіріп жатыр. Коалицияға әр саланың өкілдері енген. Арасында, жергілікті атқарушы орган өкілдері, саяси партиялардың мүшелері, қоғам белсенділері бар.
НҰРЖАН ӘШІМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Әрбір партия өздерінің пікірлерін жан жаққа таратпай, бір пікірде болуымыз керек ғой. Сондықтан да мен ойлаймын коалиция құрғаны өте дұрыс. +Коалиция арқылы бірігіп, сол мәселелерді жеткізуіміз керек.