$541.34 €640.73 ₽6.53
×

"Референдум - демократиялық жаңғыру кепілі" - тұрғын

"Референдум - демократиялық жаңғыру кепілі" - тұрғын

"Референдум -демократиялық жаңғыру кепілі". Ел тұрғындары осылай дейді. Конституциялық реформа Қазақстанға жаңа бастама әкеліп, елдің дамуына серпін бермек. Бұл -жай ғана өзгеріс емес, құқықтық нақтылықты күшейтеді.  

БЛИЦ:

- Жаңа жобада білімге акцент қойыпты. Бұл жақсы деп ойлаймын. Өйткені жастарға жаңа мүмкіндіктер ашылады.

- Өзгерістер мені өте қатты қуантады. Негізі өзім EGov веб- сайтына кіріп, 18 ден 35 жасқа дейінгі балалар мен ересектерге жұмыс табуға болатынын көрдім. Бұл правительстваны  ашық жасап жатқанын көрсетеді.

- Жаңашылдық біздің Қазақстанға жаңа бастама әкеледі деп ойлаймын. Бір орында қалып қоймау керек. Дальше жүру керек.

- Уақыт өткен сайын заман да өзгеруде. Бұл біздің еліміздің Конституциясының заман талабына сай болуы керектігін көрсетеді.

- Жасанды интеллекті көп таралған, дамыған. Жасанды интеллектіні мен өз жұмысыма да пайдаланамын. Жасанды интеллекті біздің жаңа Конституцияда көтерілген. Осы мәселе көтерілгені үшін менің көңілімнен шықты.