Елордада «Жас мемлекеттік қызметші мектебі» ашылды. Бастама жас буынға мемлекеттік басқару саласының қыр-сырын меңгеруге мүмкіндік береді. Бағдарлама аясында қатысушылар кәсіби даму курстарынан өтіп, мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарымен танысады. Жоба болашақ мамандардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, басқару дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Мақсат – талантты жастар пулын қалыптастырып, оларды қызметке тарту және мемлекеттік органдарға қажетті мамандар даярлау.
ЭЛЬМИРА ОРАЗАЛИЕВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-РЕКТОРЫ:
Жастардың бойында "мемлекеттілік" деген ұғымды қалыптастыру маңызды. Осыған орай ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен 24-29 жылдар аралығында қабылданған тұжырымдаманың негізінде талантты жастарды уақытында, дер кезінде табу, олармен жұмыс істеу, олардың бойында сол мемлекеттік қызметке деегн қызығушылықты ояту мақсатында жасалған бір әдемі, маңызды жобалардың бірі болып табылады.