Бүгін Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында тау шаңғысынан ерлер арасында слалом сайыстары өтуде.
Бұл сында Қазақстан құрамасының атынан Ростислав Хохлов өнер көрсетті.
Отандасымыз 1 кезеңде жарыс жолын аяқтай алмады.
Айта кетейік, бұл сайыста екі кезеңнің қорытындысы бойынша үздік уақыт көрсеткішін тіркеген спортшы жеңімпаз атанады.
Бұл Ростислав Хохлов үшін спорттық мансабындағы алғашқы Олимпиада болды.