$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қарқынды экономикалық өсім керек - Олжас Бектенов

17.02.2026ж. 10:50
Қарқынды экономикалық өсім керек - Олжас Бектенов
Фото: Үкімет

Экономикалық өсімді ынталандыруға қаржы бөлу бағытында жұмыс істеу қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты.

- Қазір көптеген ел экономикалық өсімді ынталандыруға қыруар қаржы бөліп жатыр. Мен өзіңізге, Серік Мақашұлы (Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин) тиісті ақпаратты жібердім. Германия бойынша, басқа да елдер осы бағытта белсенді жұмыс істеп жатыр. Сондықтан бізге де осы бағытта жұмыс істеу керек. Бізге қарқынды экономикалық өсім керек. Әрине, сапасы да болуы қажет. Бірақ, қарқыны өте маңызды. Сондықтан жұмыстарыңызды жалғастыра беріңіздер, - деді Үкімет басшысы.