$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Биыл психологиялық қолдау орталықтары 4 409 азаматқа көмек көрсетті

17.02.2026ж. 13:27
Биыл психологиялық қолдау орталықтары 4 409 азаматқа көмек көрсетті
Фото: pexels

2026 жылдың басынан бастап Психологиялық қолдау орталықтары 4 409 азаматқа жеке консультациялық және психологиялық көмек көрсетті. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Олардың ішінде 2 283 бала, 1 196 ата-ана және 930 педагог бар.

- Орталықтар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздің барлық 20 өңірінде жұмыс істеп жатыр. Мамандар мектеп психологтеріне әдістемелік қолдау көрсетіп, оқушылар мен ата-аналарға кеңес береді. Сонымен қатар профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырады, - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта білім беру ұйымдарының мамандарына арналған 3 000-нан астам іс-шара өткізілді.