$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Брюссель 613 күннен кейін үкімет құрды

17.02.2026ж. 14:19
Брюссель 613 күннен кейін үкімет құрды
Фото: Anadolu

Бельгияның Брюссель астаналық аймағында ұзаққа созылған саяси дағдарыстан кейін жаңа үкімет құрылды.

Бельгияның жеті партиясы — MR (либералдар), PS (социалистер), Les Engagés (центристтер), Groen (жасылдар), Anders (фламанд либералдары), Vooruit (фламанд социалистері) және CD&V (христиан демократтары) коалициялық келісімге келді.

2024 жылдың маусым айындағы аймақтық сайлаудан кейін бірден басталып, 20 айдан астам (613 күн) уақыт жүргізілген келіссөзден соң оны жүргізушілер 10-13 ақпан аралығында University Foundation ғимаратында қарқынды «конклав» өткізді. 

Брюссель астаналық аймағының жаңа үкіметін енді Uccle (Уккель) коммунасының бұрынғы мэрі, франкофон-либерал Борис Диллиес (Boris Dilliès) басқарады. 

Бельгия премьер-министрі Барт де Вевер (N-VA) бұл жетістікті құптап, оның бүкіл елдің және Еуропалық Одақ астанасының беделін сақтайтынын атап өтті.

Осы арада Вевер жаңа коалицияның Брюссельдің қаржысын түзету қабілетіне «сәл күмәнмен қарайтынын» атап өтті. 

- Премьер-министр ретінде көзқарасым бойынша Брюссельдің тапшылығы үлкен бюджетін қайта құрылымдауға мүдделімін. Егер жаңа үкімет мұны жүзеге асырса, мен қуанамын, - деді ол.

Айта кету керек, Брюссельдің аймақтық бюджеті жылына шамамен 8 млрд еуроны құрайды, бірақ 2025 жылдың соңындағы тапшылық 1-1,6 млрд еуродан асты. Бұл құрылымдық теңгерімсіздікке әкелді: әлеуметтік қызметтер, көлік, қауіпсіздік және көші-қонға жұмсалатын шығындар артты, ал кірістер реформалардың болмауына байланысты азайып келеді. Ақыры шамамен 15 млрд еуро көлемінде үлкен қарыз жиналды, бұл шағын ЕО аймағы үшін маңызды.