Маңғыстау облысында мерзімді әскери қызмет атқарған жауынгер қаза тапты. Құрлық әскері баспасөз қызметінің ақпаратынша, қайғылы жағдай Бейнеу полигонында жоспарлы атыс жаттығуы кезінде болған. «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшісі қаруды пайдалану кезінде оқ жарақатын алып, ажал құшқан. Қазір оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.
ҚР ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ ҚҰРЛЫҚ ӘСКЕРЛЕРІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша оқиға орнына Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев бастаған комиссия жіберілді.Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Оның отбасына қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық қажетті көмек көрсетіледі.