$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Шымкентте газ құбырынан өрт шықты

17.02.2026ж. 16:46
Шымкентте газ құбырынан өрт шықты
Фото: скриншот

Еңбекші ауданының «Базарқақпа» тұрғын алабында жеңіл автокөліктің шкафты газ реттегіш пунктіне соғылуы салдарынан газ-ауа қоспасының жарылысы болып, арты факелді жануға ұласты.

Оқиға орнына жедел жеткен алғашқы өртке қарсы қызмет бөлімшелері өртті сөндіру мен конструкцияларды салқындату үшін 2 жауынгерлік оқпанмен су атты.

— Өрт сөндірушілер жалынды оқшаулап, оның тұрғын үйлерге таралуына жол бермеді. Газ-ауа қоспасының соққысы салдарынан жақын маңдағы жеке үйдің терезелері зақымданды, — деп хабарлады қалалық ТЖД.

Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Жүргізуші өрт күшейгенге дейін автокөлік салонынан өз бетінше шығып үлгерген.