$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қар көлігі ағашқа соғылып, 24 жастағы қыз комаға түсті

Қар көлігі ағашқа соғылып, 24 жастағы қыз комаға түсті

Бурабай курортында жоғары жылдамдықпен келе жатқан қар көлігі ағашқа соғылып, салдарынан 24 жастағы бойжеткен жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Оның бас сүйегі мен бет сүйектері сынып, ми жарақаты және травматикалық шок алған. Мамандар әзірге операция жасау мүмкін емес екенін айтады. Оқиғадан соң полиция қылмыстық іс қозғады. Өңірдегі квадроциклдер мен қар көліктерін жалға беру нүктелері жаппай тексерілуде.