«Қазгидромет» РМК 2026 жылғы наурыз айына арналған орташа айлық ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшерінің болжамын ұсынды.
Наурыз айында орташа айлық ауа температурасы елдің басым бөлігінде нормадан 1°С-қа жоғары болады деп күтіледі. Ал Жетісу облысының басым бөлігінде, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстік-шығыс жартысында, сондай-ақ Абай облысының оңтүстік-шығыс шетінде норма шамасында болады.
Наурыз айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормадан көп болады деп болжанып отыр. Ал Ақтөбе облысында, Ұлытау облысында, Маңғыстау, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарының шығысында, Түркістан және Жамбыл облыстарының солтүстігінде норма шамасында болады.
Орташа айлық ауа температурасы: