$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Банк картасын бұғаттау: алаяқтар жаңа айлаға көшті

Банк картасын бұғаттау: алаяқтар жаңа айлаға көшті

Банк картаңыз күтпеген жерден бұғатталды ма? Бұл алаяқтардың ісі болуы әбден мүмкін. Ұлттық банктің хабарлауынша, қаскөйлер азаматтардың атынан "картамды жоғалттым" деп жалған дерек беретін болған. Артынша, клиенттің өзіне қоңырау соғып, пароль мен SMS-кодты біліп алуға тырысады. Сондықтан бөтен адамдарға құпия сөзді айтпау керек. Ескеретін жайт, банк қызметкері ешқашан азаматтарға аудио немесе бейнеқоңырау шалмайды. Және ақшаны "қауіпсіз шотқа" аударуды талап етпейді.