$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматы облысы Исаев ауылының оқушылары мектепке бару үшін үш аяқ киім ауыстырады

Алматы облысы Исаев ауылының оқушылары мектепке бару үшін үш аяқ киім ауыстырады

Алматы облысына қарасты Исаев ауылының тұрғындары балшық кешіп жүр. Ерсектер  әупірімдеп амалдаймыз, оқушыларға қиын дейді. Мектепке дейін балалар  үш аяқ киім ауыстыруға мәжбүр. 15 мыңнан аса халқы бар өңірде   7 ғана көше асфальтталған. Бұл мәселе 5 жылдан бері айтылып келеді, бірақ,  нәтижесіз дейд. Елдімекенге тілшіміз Жомарт Түзелбай барып келді. 

ЖОМАРТ ТҮЗЕЛБАЙ, ТІЛШІ:

Бұл - Исаев ауылындағы  көшелердің бірі. Көлікпен көлігіңді былғап болсын амалдауға болар. Бірақ, жаяуларға жағдай мүлде жасалмаған. Амалдың жоқтығынан тұрғындар қайда шықсақ та аяғымызға резеңке етік не осындай пакет киюге мәжбүрміз дейді.

15 мыңнан аса халқы бар бұл өңірде 30-дан аса көше бар. Алайда тек жетеуіне   асфальт төселген. Жұрт күн сайын көлігін жол басына тастап кетеді. Олай етпеске шара жоқ. Машинасы  батып қалады, бәтеңкеден су өтіп, аяқтары қатып қалады. Балағы былғанбасын деп мектепке дейін баласын да арқасына салып барады. Бес жылдан бері көрген күн- осы. Ауыл басшысының алдына талай барған. Бірақ,  нәтиже жоқ.

АБАЙ ҚОРҒАНБАЕВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Жауын шашын болады. Алдымыз көктем келе жатыр. Мына балаларға да қиын боп кетті. Аяқ киімдері шешіліп, жалаң аяқта келіп жатыр үйге. Ауырып қалады. Бір күн, екі күн емдейміз оларды. Больницаға апарсақ апта, он күн жатқызады. Оның справкасын жинауымыз бар. Көлігіміздің бәрін мына жерге қойып кетеміз. Мына жазық жерге. Түнде шығамыз, машинаның бәрі батады мына жерге.

НАФИСА АЙТБАЕВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Мектепке апаратын жолымыздың түрі -осы. Үш аяқ киіммен барады балалар. Осы мен тұрған жерден асфальтқа дейін бір аяқ киім киеді, мектепке дейін тағы бір аяқ киім киеді. Мектептің ішінде ауыстырғанға тағы аяқ киім апарады. Балаларым үш ауысымды аяқ киіммен барып жүр мектепке.

Дүйім жұрт дүрліккен соң, тобықтан балшық кешіп, ауыл әкімі де осында келді. Мәселенің мән жайы басшыға мәлім екен. Шешу үшін облыстан қаражат та сұратып қойыпты. Егер сұраныс қабылданса, тас жолды төсейміз. Тіпті болмаса қиыршықтастар төгіп, көшенің бойын тегістеп береміз деп уәде етті.

БІРЖАН МАХАТОВ, ЕЛТАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

2023-ші жылы бір артериальный көшесін жасап бергенбіз күрделі жұмысын. Қалған  көшелерде қазіргі таңда проектісі дайын. Ол жерге 380 миллион біз енді сұраныс сұрастырып жатырмыз. Қалай ақша бөлінеді, содан кейін мына жақа жасалады. Временно біз нақты айта алмаймыз ПГС төсеп беруге. Енді ауа райы тұрақталған кезде оны қарастырамыз.

Ауыл тұрғындарының бұл жауапқа келіспеуден басқа амалы жоқ. Әкімнің сертін алып, үйлеріне тарқасты. Ендігі нәтиже көктемде күн райы тұрақталғанда белгілі болмақ.