Жаңа Конституция жобасында елімізде алғаш рет ғылым мен білім, иновацияларды дамыту статегиялық бағыт ретінде айқындалып отыр. Бұл саланың дамуына ғана емес, еліміздің әрі қарай өркендеуіне жол ашады,-дейді ел тұрғындары.
БЛИЦ:
- Жаңа заң жобасы білімді ұрпақ тәрбиелеуге және қоғамның рухани дамуына бағытталған құқықтық негіз деп есептеймін.Онда білім беру мен ғылым саласына ерекше мән берілген. Бұл -маңызды әрі стратегиялық шешім.
- Бұл еліміздің болашағына жасалған инвестиция деп ойлаймын өзім. Жалпы кез келген мемлекеттің қарыштап дамуы, өркендеуі әрбір азаматтың білімді, кәсіби даярланған, білікті болып қалыптасуы маңызды деп өзім есептеймін.
- Жастардың білім мен ғылым саласына назар аударуына аса көп мән берііп отыр. Бұл рефендум алдағы уақытта өз жемісін беріп, жастардың білімге құштарлығы арта түседі деп ойлаймын.
- Жаңа Конституция жобасында адами капитал, ғылым мен инновацияларды дамыту мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде анықталып отыр. Сондықтан бұл – елдің болашағына бағыт-бағдар беретін дамудың зияткерлік картасы деп ойлаймын.