$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Нигерияда Ласса безгегінің өршуінен 31 адам көз жұмды

18.02.2026ж. 08:34
Нигерияда Ласса безгегінің өршуінен 31 адам көз жұмды
Фото: Анадолы

Нигерияның ауруларды бақылау орталығы мәліметінше, биыл қаңтар айынан бері Нигерияда Ласса қызбасының өршуі елдің 9 штатын қамтыды.

Хабарланғандай, 5 апта ішінде 165 ауру жағдайы тіркеліп, соның салдарынан 31 адам қайтыс болған. Медициналық орталықтарда 135 науқас бақылауда болған, сондай-ақ кемінде 110 күдікті жағдаймен байланыста болған адамдар қадағаланған.

Өткен жылы елде Ласса вирусынан 215 адам көз жұмған.

Ласса қызбасы Африканың бірнеше елінде, соның ішінде Мали, Того, Гана, Либерия және Сьерра-Леонеде кездеседі. Ауру алғаш рет 1969 жылы Нигерияның солтүстік-шығысындағы Борно штаты аумағында тіркелген.

Ауру кеміргіштерден жұғады, адамнан адамға да таралуы мүмкін және өлімге әкелетін геморрагиялық қызбаны тудырады.

Билік тұрғындарды егеуқұйрықтармен және басқа кеміргіштермен байланыстан аулақ болуға шақыруда.

Нигерия үкіметі Ласса қызбасына байланысты 2019 жылғы 23 қаңтарда төтенше жағдай жариялаған.