$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстандық оқушылар робототехника чемпионатында үш бірдей жүлдені жеңіп алды

18.02.2026ж. 10:02
Қазақстандық оқушылар робототехника чемпионатында үш бірдей жүлдені жеңіп алды
фото: gov.kz

Астанада өткен Central Asia FIRST Championship & Drone Racing 2026 халықаралық фестивалінде алматылық барлық команда жүлделі орын иеленіп, жоғары нәтиже көрсетті.

FIRST LEGO League Explore санатында «Alem Innovators» командасы жеңімпаз атанып, Қазақстан намысын әлемдік финалда - Хьюстон қаласында (АҚШ) қорғайтын болды.

FIRST LEGO League Challenge санатында «ALASH» командасы ІІ орынға ие болып, Грекияның Софико қаласында өтетін халықаралық чемпионатқа жолдама алды.

Ал «KAZBOTS» командасы Core Value Award номинациясының жүлдегері атанып, Қазақстан атынан Бейжіңде (Қытай) өтетін жарысқа қатысады.

Айта кетейік, ауқымды додаға 7 елден 3 мыңнан астам оқушы қатысты.