Түркістанда әйелін күштеп психиатриялық орталыққа орналастыру ісі бойынша сот үкім шығарды. Істі ұйымдастырушы мен оның сыбайластарына ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот басты айыпталушыны 9 жылға бас бостандығынан айырды. Ал жәбірленушіні емдеу мекемесіне жеткізуге көмектескен екі досы 8 жылдан жаза алды.
Сонымен қатар үшеуі жәбірленушіге 11 млн теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.