$486.47 €554.77 ₽6.26
×

Түркістан облысында әйелін күштеп психоневрологиялық диспансерге жатқызған ер адам сотталды

18.02.2026ж. 12:44
Түркістан облысында әйелін күштеп психоневрологиялық диспансерге жатқызған ер адам сотталды
Фото: inform.kz

Түркістанда әйелін күштеп психиатриялық орталыққа орналастыру ісі бойынша сот үкім шығарды. Істі ұйымдастырушы мен оның сыбайластарына ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот басты айыпталушыны 9 жылға бас бостандығынан айырды. Ал жәбірленушіні емдеу мекемесіне жеткізуге көмектескен екі досы 8 жылдан жаза алды.

Сонымен қатар үшеуі жәбірленушіге 11 млн теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.