$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматыда 400-ден астам бала қызылша жұқтырған

18.02.2026ж. 15:46
Алматыда 400-ден астам бала қызылша жұқтырған
фото: Azattyq-ruhy.kz

Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, бүгінде қызылшаның 482 жағдайы тіркелген. Оның 451-і – 14 жасқа дейінгі балалар. Мамандар инфекцияның таралу қаупі әлі де жоғары екенін айтып, мектептер мен балабақшаларда медициналық бақылау күшейтілгенін жеткізді.

Дәрігерлер әсіресе 4 жасқа дейінгі балалар арасында қауіп жоғары екенін ескертіп, екпені уақытында алу маңызды екенін атап өтті. Ауру жұқтырғандардың басым бөлігі – екпе алмаған бүлдіршіндер.