Қызылорда қаласында дәрігерді ұрған әйел сотталды. №2 сотының мәліметінше, жәбірленуші амбулаторияда кабинетте науқастарды қабылдап отырған. Сол сәтте, әйел келіп шу шығарыпты. Ал ескерту жасаған ақ халаттының жағасына жармасып, жұдырығымен соққы жасаған. Сот оны кінәлі деп тапты. 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.