$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Баласын батареяға байлап, аяусыз ұрған әйел жазаланбайды

Баласын батареяға байлап, аяусыз ұрған әйел жазаланбайды

Бір ай бұрын баласын батареяға байлап, аяусыз ұрған әйел  жазаланбайды. Жаркент қаласының 28 жастағы тұрғыны сот шешімімен ақыл-есі дұрыс емес деп танылды. Психиатриялық сараптама қорытындысына сәйкес, оқиға кезінде әйел ақыл-ой кемістігінен өз әрекеттеріне жауап бере алмаған. Тергеу кезінде безбүйрек ана баласын суды өшіруді ұмытып кеткені үшін жазалағаны белгілі болды. Сот оған жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлі ем тағайындады. Ал, әйелдің тағы екі баласы отбасын қолдау орталығына орналастырылды.

БАУЫРЖАН ТОЙБАЕВ, ПАНФИЛОВ АУДАНЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ:

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша, яғни кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған қинау дерегі негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сот сараптамасының қорытындысымен кінәлі тұлғаның психикалық ауытқушылығы бары расталды. Осыған байланысты 2026 жылғы 16 ақпанда Панфилов аудандық сотының қаулысымен оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылды.Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.