$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Таразда қалың қар еріп, қала көшелері суға толды

AstanaTV
18.02.2026ж. 19:00
Таразда қалың қар еріп, қала көшелері суға толды

Таразда қалың қар еріп, қала көшелері суға толды. Жұрт ауласына шыға алмай, балаларын мектепке жіберуден қалған. Шалғай Қарасу шағын ауданында жағдай тіпті қиын. Бұқара батбаққа батып, көліктері жүрмей тұрып қалған. Қар суы аулуларға жайылып, кәріз суы үшін қазылған құдық пен әжетхана суға толған. Көшеде күрек ұстап жүрген жұрт лай суын басқа арнаға бұрумен әлек. Қарасулықтар жауын мен қар түссе көрген күніміз осы дейді. 20 жылдан бері қанша рет айтсақ та құлақ асып жатқан ешкім жоқ деп жергілікті билікке өкпелі.

ҒАЛИМА ӘБДІПАЙЫЗОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Бізге ыңғайсыздық, бала шаға сабаққа қатынау, үйге кіріп шығу! Көріп отырсыздар өздеріңіз жағдайды. Септигіміз толып кетті үйден шығатын. Әжетханалар. Мотордан ішіп отырмыз. Сол суымыздың дәмі өзгерді.

Қалалық әкімдік ақпаратынша, қазір 20 техника жұмыс істеп жатыр. Қарасай шағын ауданынан 2 күнде 3 мың текше метр су шығарылғанын айтады. Арай, Бектөбе, Тайвань шағын аудандарында да дәл осындай жағдай. Шаһардың коммуналдық қызметкерлері қала бойынша 600 мың текше метр су сорып, 300 метрге жуық қорғаныс бөгетін қолдан жасап, 700 қап құм төсеген. 

НҰРЛАН ОЛЖАБАЕВ, ЖІБЕК ЖОЛЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мынау көшелердің барлығына қиыршық тас төселді. Мынау 2026-27 жылдарға осы көшелерді асфальттау жобасын жасап жатырмыз. Одан кейін асфальт сөселгеннен кейін абаттандыру жұмыстары барысында осы арық жүйелерін жоспарлауға болады.